Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Теннис: Зарина Дияс Манчестер турнирінің финалына шықты

2019 жылдың 15 маусым 2019 21:36 830

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  -Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З. Дияс жартылай финалда осы турнирдің екінші, әлемнің 98-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен күш сынасты.

Бірінші партия қазақстандық теннисшінің айқын басымдылығымен өтті - 6:1.

Екінші сетте есеп 5:4 болған мезетте Зарина матчқа доп берді. Дегенмен М. Бренгл брейк жасап, таразы басын теңестіре алды. Әйтсе де бұдан кейін қатарынан екі геймді өз пайдасына жазған З.Дияс 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды

З.Дияс финалда осы жарыстың бірінші, әлемнің 96-ракеткасы, Польша елінің өкілі Магда Линетт немесе рейтингте небәрі 466-сатыда тұрған ұлыбританиялық Саманта Маррейдің бірімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Манчестер жарысының, Елена Рыбакинаның Хертогенбос (Нидерланды) турнирінің жартылай финалына шыққанын, ал Александр Недовесовтің Шымкент турнирінің  жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай