Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

Теннис: Зарина Дияс Вашингтон турнирінің жартылай финалына шыға алмады

2019 жылдың 3 тамыз 2019 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс Вашингтон турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 84-орында тұрған Зарина ширек финалда әлемнің 62-ракеткасы, италиялық Камила Джорджимен кездесті.

Италиялық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.

Бұған дейін қарсыластар екі мәрте жолдары тоқайласып, бір-бірден ұтқан болатын. Енді өзара кездесулерде К.Джорджи 2:1 есебімен алға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың Вашингтон жарысының ширек финалына шыққанын, Михаил Кукушкиннің Лос Кабоста жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.


Перевод Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай