Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы Наньчан турнирін жеңіспен бастады

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Қытайдағы Наньчан WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда үндістандық Анкита Раинамен шеберлік байқасты.

Дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған 20 жасар Е.Рыбакина осы жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелсе, одан алты жасқа үлкендігі бар қарсыласы 192-сатыда еді.

Бірінші партияда бірден брейк жасаған үндістандық спортшы алға шыққанымен, Е.Рыбакина іле-шала таразы басын теңестіріп үлгерді – 2:2. Сосын осы қарқынынан тайған жоқ – 6:2.

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші жиі қателесіп, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 1:2. Осы басымдылықты А.Раина сақтап қалды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда брейк жасаған Рыбакина алға шықты – 3:1. Есеп 2:4 болғанда, үндістандық спортшы да брейк жасай алды. Дегенмен Рыбакина тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 5 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 176-орында тұрған қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған дода 15 қыркүйекте мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Хиросима турнирін жеңіспен бастағанын, Юлия Путинцеваның әлемнің 3-ракеткасымен кездесетінін, ал Анна Данилинаның осы Наньчанда ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай