Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Тимур Хайдаров пен Мерей Медетов әлем чемпионатында бестікке енді

2019 жылдың 23 тамыз 2019 23:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венгрияның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін каноеден 200 метрге жұптасып жарысудан финалдық бәсекелер өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Финалда сынға түскен қазақстандық Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров бесінші орын иеленді. Олар аталған қашықтықты 36.73 секундта бағындырған . Бұл сында алтын медальді Испания құрамасы (36.06) жеңіп алды. Күміс медаль Польша (36.18), қола жүлде Өзбекстан (36.42) еншісінде. Финалға жалпы есебі тоғыз команда қатысты.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай