Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығынан кететінін мәлімдеді

2019 жылдың 9 қазан 2019 16:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан бокс федерацияның отырысында федерация президенті Тимур Құлыбаев қызметінен кететінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қыркүйек күні менің ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына тағайындалғанымды білесіздер. Осыған орай, су спорты түрлері мен бокс федерациясы президенті лауазымынан кетуді жөн деп шештім. Сіздермен бірге спорттың дамуына 10 жыл бойы үлес қосып келеміз. Жұмыс нәтижелі болды деп есептеймін. Аймақтық бокс федерацияларына, бірлесе жұмыс атқарып жүрген азаматтарға, Үкіметке, демеушілерге - барлықтарыңызға алғысымды айтамын», - деді ол отырыста.

Еске сала кетсек, өткен айда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланған болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай