Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Тимур Сүлейменов ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 14:17

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Тимур Мұратұлы Сүлейменовті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі етіп тағайындау туралы Жарлықты жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т.М. Сүлейменовті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы

Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 22 наурыз

Осы лауазымға тағайындалуына байланысты Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Басты сөздер: Тағайындау,
Жоғары қарай