Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

ТКШ-ға тартылған инвестицияның 98 пайызы бюджеттен тыс көздерден түсті

2019 жылдың 27 наурыз 2019 19:02 607

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2015 жылдан бері шекті тарифтер арқасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымының тозуы деңгейін төмендетуге мүмкін болды. Бұл туралы Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерімен кездесу барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр 2015 жылы ұзақмерзімді шекті тариф саясаты ұсынылғанын еске салды. Бұл өз кезегінде инвесторларға ТКШ саласындағы инвесторларға қажетті инвестицияның кеңістігін айқындауға, кәсіпкерлерге өз қызметінде тарифтерге шығындарын болжауға және инфрақұрылымның тозуын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, 2021 жылға дейін табиғи монополиялар саласына 2,2 трлн теңге инвестицияны тарту жоспарланған еді, оның ішінде 1,3 трлн теңгесі ТКШ саласына. Өткен үш жылда 1,020 трлн теңге тартылып, соның 684 млрд теңгесі ТКШ-ға тиесілі болды. Осы соманың 98 пайызы бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен қаржыландырылды.

Осының арқасында табиғи монополиялар субъектілерінің тозуы 66-дан 64,9 пайызға дейін төмендеді.

Бұл тұрғыда С. Жұманғарин шекті тарифтер бойынша жұмыстар тағы екі жыл жалғасатынын атап өтті.

Сонымен қатар, вице-министр коммуналдық қызметтер бойынша тарифтер таяу және алыс шетелдегі елдердерге қарағанда айтарлықтай төмен екенін сөз етті.

Бүгін Сенаттағы талқылауға қатысушылар табиғи монополиялар субъектілерінің басқа да мәселелеріне, көрсетілетін қызметтердің бағасын белгілеу тәртібіне, инвестициялық бағдарламаларды іске асыру қадамдарына екпін қойды

Кездесудің қорытындысы бойынша Комитет қатысушылардың ескертулерін ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерін реттеуді жетілдіруге, баға белгілеуге және инвестициялық міндеттемелерді мемлекеттік бақылауға бағытталған ұсыныстар әзірлейтін болады.

 

 

Жоғары қарай