Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Тоғызқұмалақ шеберлері шын мықтыны анықтады

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 01:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классика түрінен Қазақстан Республикасы жекелей чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Аталған жарыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру Істері комитеті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті ғимаратында өтті.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, еліміздің 11 облысынан 96 спортшы, 14 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер арасында:

1. Қайдаров Азамат (Ақтөбе облысы) – 8 ұпай

2. Бостандықов Бексұлтан (Қызылорда облысы) – 7,5 ұпай

3. Каймульдин Жанат (Павлодар облысы) – 7 ұпай

Әйелдер арасында:

1. Есиркеп Құндыз (Нұр-сұлтан) – 8 ұпай

2. Кенина Диана (Ақтөбе облысы) – 7 ұпай

3. Каримова Лина (Түркістан облысы) – 7 ұпай.






















Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай