Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Тоқаев Президенттік кадр резерві 4-кезеңінің қорытындысымен танысты

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 20:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына «Президенттік кадр резервінің» 4-кезеңінің қорытындысы туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Атап айтқанда, Анар Жайылғанова өткен кезеңнің негізгі критерийлері мен талаптары, сарапшылар комиссиясының құрамы жайында айтты. Оның айтуынша, үміткерлермен әңгімелесу әділ әрі конкурс ережесіне сай өтті.

Президент ақтық кезеңнің барынша ашық өтуін қамтамасыз етуді және ең лайықты үміткерлерді іріктеп алуды тапсырды.

Жоғары қарай