Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Тоқаев жаһандық жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды

2019 жылдың 14 маусым 2019 14:20 546

БІШКЕК. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жанжалдарды тек қана дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

Қазақстан Президенті жаһандық шиеленістер мен өңірлік жанжалдар жағдайында әлемдегі дағдарысты ахуалдарды саяси шешуге жан-жақты көмек көрсету қажеттігіне назар аударды.

«Осыған байланысты Қазақстан Ауғанстан Ислам Республикасы басшылығының ауғанішілік саяси диалогты және елдегі ахуалды тұрақтандыру шараларын  ілгерілетуіне қолдау білдіреді. Бүгін қабылданатын Ауғанстан жөніндегі байланыс тобының іс-қимыл жол картасы Ауғанстандағы ұлттық татуласу процесіне нақты үлес қосуға бағытталған», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Сирия бойынша халықаралық кездесулерді өткізуді алдағы уақытта да жалғастыратынын баса айтты.

«Қазақстан Иран мен Корея халықтық демократиялық республикасының ядролық бағдарламаларына қатысты барлық қарама-қайшылықтарды тек қана дипломатиялық жолмен шешуді жақтайды. Біз бітімгерлік қызметімізді халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сыртқы саясатымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз», - Қ.Тоқаев.

 

 

Жоғары қарай