Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Токиодан сәлем - Димашты жапон жанкүйерлері Қазақстанның туын ұстап, қазақша ән шырқап күтіп алды

2019 жылдың 17 қараша 2019 11:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенді жапониялық жанкүйерлері әуежайдан Қазақстанның туын ұстап ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншінің өзі Іnstagram парақшасында күншығыс еліне келген сәтінің видеосын жариялады. Шағын үзіндіден Димаштың жапониялық жанкүйерлері қаншалықты көп екенін аңғаруға болады.

«Жапонияға аман- есен келдік. Концертте көріскенше...», - деп жазды әнші.

Осыдан кейін youtube арналардың бірінде Димаштың жапондық dears-тарының қалай күтіп алғаны туралы толыққанды видео жарияланды. Әншінің фанаттары әуежайда Димаштың қазақ тіліндегі әнін шырқап, әншінің «Арманым – қазақ тілін әлемге таныту» деген арманын орындап бергендей болды.

Димаш осыдан бірнеше сағат бұрын Токиодан өзі түсірген видеоны парақшасында жариялады. «Токиодан сәлем» деп әншінің жанкүйерлерлеріне арналған видеоны мына сілтемеден көруге болады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Димаш Құдайберген қараша айында Токиодағы концертке байланысты жапондық көрермендеріне сәлем жолдаған болатын.

Әнші Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді.

Жоғары қарай