Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Төлеби ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

2019 жылдың 29 тамыз 2019 17:28

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында дәстүрлі қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы өтті. Игі шарада аудан әкімі Бауыржан Омарбеков қайырымдылық танытқан мекеме басшылары мен кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен ұйымдастырылған акция биыл ауданда он бірінші рет өткізіліп отыр. Мәселен, өткен 2018 – 2019 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысында 420 балаға 15 млн теңге көлемінде материалдық көмектер берілді. Ал, 2019-2020 жаңа оқу жылында білім қорынан 450 балаға 17 млн қаржы бөлініп, мектеп формалары мен қысқы киім тарту етілді. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінді. Аудандағы жомарт жүректі азаматтар 200 балаға демеушілік көмек көрсетті.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей, әр азамат қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етуі тиіс. Көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның көз жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейіл танытқан төлебилік азаматтарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Баласын қорғай білген ел – болашағын сақтай білген ел. Балаларымыздың болашағы нұрлы болсын»,- деді акцияға қатысқан ел ағалары.
Жоғары қарай