Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.06
EUR 429.19
RUB 6.08
CNY 55.83

Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы түрмеге барды

2019 жылдың 9 мамыр 2019 20:16 1170

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Еліміздің барлық өңіріндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Жеңіс күніне арналған әртүрлі шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін әнші Төреғали Төреәлі мен актер, әнші Ерболат Төлегенов Алматы облысында орналасқан ЛА-155/8 колониясында болып, қайырымдылық концертін берді.




«Жеңіс күні - барлық адамды біріктіретін мереке. Бүгін оны баршамыз, соның ішінде жазасын өтеп жатқандар да атап өтуде. Бізге Төреғали Төреәлі бастаған эстрада жұлдыздары келіп, қайырымдылық концертін өткізді. Көбісі мұндайды күтпеген еді. Себебі бұрын әншіні теледидардан ғана көрген. Өз кезегінде жазасын өтеушілер оған өз қолдарымен жасаған кәдесыйларды тарту етті», - деді ҚАЖ-дың Алматы облысы бойынша департаментінің ЛА-155/8 мекемесі бастығы М.Арыстанов.




Атап өтілгендей, Жеңіс күні түзеу мекемелерінде жыл сайын атап өтіледі. Биыл Павлодар облысындағы колонияларда мереке ерекше болған. Себебі сотталған азаматтар бүгін өткен «Батырларға тағзым» шеруіне қатысқан. Шеруге 300-ге жуық жазасын өтеуші шыққан.  






 

Жоғары қарай