Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 377.18
EUR 426.14
RUB 5.98
CNY 54.86

Төрт күнде 7 келіден аса есірткі тәркіленді - Алматы облысы

2019 жылдың 4 наурыз 2019 21:42 820

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында төрт күн ішінде есірткінің заңсыз айналымының 16 дерегін анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескелді ауданының полициясы арнайы іс-шара барысында 40 жастағы тұрғынды есірткі затын сақтады деген күдікпен ұстады. Автожол бойында қолға түскен күдіктінің тұратын үйіне санкцияланған тексеру жүргізу кезінде 1 килограмнан астам «кептірілген марихуана» заты табылды. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкешілікке тартылғаны анықталды.

Сондай-ақ, санкциялы тексеру кезінде 45 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғынының қорасынан жасырылған 4 килограмға жуық «марихуанна» есірткі заты табылды.

Есірткіге қарсы күрес бойынша 16 қылмыс дерегі анықталды. Осы деректер бойынша 16 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделуде. Сондай-ақ, екі фактінің ірі партиялы қылмыс санатына жататынын атап өту қажет. Алматы облысының тәртіп сақшылары 7 килограмға жуық есірткі тәркілеп, олардың халық арасына таралуының жолын кесті. Есірткі заттары өсімдік негіздегі марихуана, гашиш сынды есірткі заттарына жатады»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Жоғары қарай