Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Төтенше жағдайға қарамастан өнім тұтынушыларға уақтылы жеткізіліп отыр - Максим Божко

2020 жылдың 30 наурыз 2020 18:35

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы жылына 20 мың тонна бройлер құс етін өндіретін «Capital Projects Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Максим Божко кәсіпорының төтенше жағдай кезіндегі жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Максим Божконың мәліметінше, «Курочка Ряба» сауда белгісімен тауық еті мен жұмыртқасын шығаратын «Шаңырақ» компаниялар тобының барлық құс фабрикалары төтенше жағдай енгізілгенінен қарамастан штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл - Арқалық, Қарағанды, Жезқазған және Ақмолдағы құс фабрикалары. Осы ретте кәсіпорын дизенфекция, маска режимі сияқты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап отыр.

«Расында біздің барлығымызда бір мәселе бар. Ол - коронавирус инфекциясы емес, құлдырап кеткен теңге бағамы болып отыр. Осыған байланысты бізде баға өсуде. Осыдан екі апта бұрын тоннасы 70 мың теңгеге бидай сатып алсақ, қазір оның құны 85 мың теңгеге жетті. Шаруалар біз қолданатын шикізаттың бағасын көтерді. Бұл әрине, жұмыртқа және еттің бағасының өсуіне әкеліп соғуы мүмкін», - деп өзінің ойымен бөлісті Максим Божко.

Мұнымен бірге, кәсіпорында барлық өндірістік процесстер дұрыс жолға қойылған. Өнім тұрақты шығарылуда және Қазақстанның барлық өңіріне уақтылы жеткізілуде. Алайда, төтенше жағдайдың енгізілуі де біраз кедергі келтіруде. Мысалы, блокбекеттерден өту, көлікті тіркеу сияқты жұмыстар өнімді уақтылы жеткізуде біраз қиындықтар туғызуда.

«Тағам шығаратын кәсіпорын болғандықтан санитарлық талаптар қатаң, дезинфекциялау шарасы да үйреншікті. Жай күндері де құс фермасына кіре берісте дезинфекциялау шаралары жүргізіледі. Қазір тек соны күшейтіп отырмыз. Кәсіпорында дәрігер жұмыс істейді, ол күн сайын жұмысшылардың дене қызуын бақылап отырады. Ақмол ауылындағы кәсіпорындағы жұмысшыларымыздың 90 пайызы жергілікті тұрғындар. Біраз адамдарымыз Нұр-Сұлтан қаласынан келеді, олар негізінен әкімшілік корпуста жұмыс істейтіндер. Екі адам Нұр-Сұлтан қаласынан Ақмолға қоныс аударды», - дейді М.Божко.

М.Божко айтуынша, мемлекеттік қолдаудың маңызы зор, нақтырақ айтсақ жұмыртқаға субсидия өте қажет.

«Жұмыс істеп тұрған және жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан кәсіпорындарды қолдау керек. Жұмыртқа бағытында мемлекеттің қолдауы болып жатса, біздің жұмысымыз да жандана түседі. Егер олай болмаса, онда әрине, баға жоғарылай беретіні анық», - деп толықтырды М.Божко.





Жоғары қарай