Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Төтенше жағдайлар қызметкерлері пара алу күдігіне ілікті

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек айында еліміздің бірқатар өңірінде ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар бөлімшелері қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қалалық ТЖД Наурызбай аудандық бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол 28 жеке тұлғаны өрт қауіпсіздігіне оқыту хаттамасына кедергісіз қол қойғаны үшін 42 мың теңге пара алу күдігіне іліккен.

Ал Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен және ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау бөлімімен бірге облыстық ТЖД Мерке аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженерін пара алу күдігімен ұстаған.

«Ол шекара заставасы бастығынан тексеру барысында анықталған өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзушылығына салынатынн айыппұл көлемін төмендеткені үшін 140 мың теңге пара алу күдігіне ілігіп отыр», - делінген агенттік ақпаратында.

Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар комитеті «Селденқорғау Құрылыс» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры пара алуға әрекеттенгені үшін қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Жоғары қарай