Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Триатлоннан Қазақстан чемпионаты Павлодарда өтеді

2019 жылдың 21 шілде 2019 04:30 220

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қатысамын деушілер қазірден бастап тіркелулеріне болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы триатлон бойынша облыстық федерациясының вице-президенті Ержан Әуезов хабарлады.

Чемпионат екі күнге созылады. 24 тамызда кәсіпқой спортшылар жарыс сызығына шықса, 25-інде - әуесқойлар сынға түседі. Қатысушылар 1500 метрді жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен және 10 шақырымды жүгіріп өтулері тиіс. Жарысты Қазақстанның триатлон федерациясы өткізеді.

«Федерация басшылығының қолдауымен бұл спорт түрі елімізде дамып келеді. Қаламызда бұл үшін барлық жағдай бар: Ертіс өзені бар, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы веложол да соған лайық. Жаттығатындар әуежай маңындағы ыңғайлы жолда шынықса, жүгірушілер еліміздегі ең ұзын жағалауда жаттығады. Тамызда өтетін жарысқа қатысамын деушілер тездетуі тиіс – қазір небары 50 слот қалды», - дейді Ержан Әуезов.

Облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев айтқандай, жарысты өткізудің бірнеше маршруты қарастырылуда. Жүзу кезеңі затонда өтеді. Велокезең Ак. Шөкин және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы арқылы өрбиді. Ал жүгіру – не Астана, болмаса жағалау маңында өтеді. Чемпионатқа қатысу ақылы болмақ. Федерациядан лицензия алғандар үшін қатысу 10 мың теңге, ал ондай құжаты жоқтарға – 14 мың теңге төлеуге тура келеді. Оған медициналық сақтандыру, қатысушының қапшығы енеді.

Қатысушыларды тіркеу 2019 жылдың 20 тамызында аяқталады. 18 тамыздан бастап қатысу құны арта түседі. Қатысушылар өзімен бірге велосипед пен шлем ала келу керек.


Басты сөздер: Павлодар облысы, Спорт,
Жоғары қарай