Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Түлкібаста «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 16:26

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Нұрлан Тұрашбеков пен аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбектер сөз сөйлеп, барша қарияларды мерейлі мерекемен құттықтады.

Бүгінгі таңда ауданда 10609 қария болса, оның ішінде 100 жастан асқан 8 қария, 90 жастан асқан 146 қария бар. Аталған шараға аудан қарияларының ішінен әр салада жемісті еңбек еткен 200-ге жуық ардагер қатысты. Олардың бірқатары ауданның әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына үлкен үлестерін қосқан. Осы орасан зор еңбектері үшін қариялар аудан әкімінің және аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Аудан әкімі Н.Тұрашбеков бұл күні сондай-ақ, аудан аумағындағы 90 жастан асқан қариялардың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекесімен құттықтады. Қазақ елі «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Бар ғұмырын еңбек пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандар қашанда қолдауға мұқтаж. Осы орайда арнайы сый-құрмет көрсетіп келген аудан басшысына қарияларымыз өз тарапынан шексіз алғыс айтып, ақ батасын берді.

Жоғары қарай