Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түлкібаста «Nur Otan» кадрлық резервіне іріктеуге  100 үміткер қатысуда

2019 жылдың 7 қараша 2019 13:07

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеудің екінші кезеңіне үгіт-насихат жұмыстары бастау алды. Осыған орай, ауданға қарасты Састөбе кенті мен Келтемашат, Арыс және Балықты ауылдық округтеріндегі үміткерлермен кездесулер өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда үміткерлермен кездесуге «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының өкілі Мадияр Дауырбаев пен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, филиал төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының атқарушы хатшысы Жұлдыз Намаз, партияның аудандық филиалының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында әр ауылдық округтен партияның кадрлық резервіне үміткерлердің бағдарламалық баяндамалары тыңдалып, саяси ұйымның алдағы жұмысын жетілдіру мақсатында ой-пікірлер айтылды.







Кадрлық іріктеу жұмыстарының нәтижесі бойынша аудан тұрғындарының арасынан 100 үміткер тіркеліп, құжат тапсырған. Жас ерекшеліктеріне орай тіркелген үміткерлер арасында 35 жасқа дейін 21 адам, 35-50 жас аралығында 38 адам, 50 жастан жоғары 41 адам бақ сынамақ. Сондай-ақ үміткерлер арасында 7 көпбалалы ана да өзін ұсынған. Үміткерлерге дауыс беру 16 қараша күні ауданның 15 аумағында өткізіледі деп күтілуде. Дауыс беру орындары ретінде мемлекеттік емес мекемелердің ғимараттары таңдалып алынды. Әрбір үміткер өз бағдарламаларын алдағы уақытта жергілікті БАҚ пен өзінің әлеуметтік желілеріне жариялауға міндетті. Іріктеуден өтіп, партия мүшелерінің көп дауысына ие болған азаматтар келешекте партия жұмысына тартылып, халықпен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алмақ.




Жоғары қарай