Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

«Тұлпар-Тальго» зауыты алдағы бес жылда 600 вагон жасап шығарады

2018 жылдың 3 қаңтар 2018 13:47 9638

    АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұлпар-Тальго» ЖШС 2023 жылға дейін 603 вагон жасап шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



null
«Біз бір келісімшартты жаптық. Ол 2012-2015 жылдарға арналған жұмыс жоспары болатын. Осы аралықта біздің зауытымыз 436 вагон өндірді. 2015 жылы жаңа келісімге қол қойып, кузовы кең вагондарды жасап жатырмыз. 2023 жылға дейін осындай вагонның 603-ін жасап шығару жоспарда бар. Өткен жылмен бірге есептегенде бүгінгі күнге дейін 178 вагон шығарылып қойды», - дейді «Тұлпар-Тальго» зауытының директоры Владимир Киселев Парламент Мәжілісінің депутаттарының«Тұлпар-Тальго» зауытының жұмысымен танысуы барысында.


null 

null 

Ал 2018 жылы зауыт жұмысшылары 90 вагон өндірмек.


null 


null  

«Өткен жылы 62 вагон жасалды. Осы жылы 91 вагонды өндіру көзделуде. Жалпы, зауытта 183 жұмысшы еңбек етеді», - дейді Киселев.


null 

Зауыт басшысының айтуына қарағанда, жуық арада серіктестіктің технологиясы мен өндірісіне жаңаша формат енгізу көзделмеген.


null 

«Біз испанның «Тальго» өндіріс технологиясымен жұмыс атқарып жатырмыз. Осы бағыттан таймақ емеспіз. Вагондар өзінің стандарттары бойынша сертификатқа ие», - дейді ол.


null 


null 



null 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Өнеркәсіп, Көлік, Парламент,
Жоғары қарай