Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Тұманның кесірінен Алматыда параллельді могулдан Әлем кубогы өтпейтін болды

2019 жылдың 3 наурыз 2019 15:53

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінің екінші күнгі жарыстары өтпейтін болды. Оған себеп қалың тұман және көру мүмкіндігінің нашарлауы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осылайша, Әлем кубогының соңғы кезеңінде параллельді могул бойынша спортшылар жарыс жолына шыққан жоқ. Екінші күні Қазақстан командасы құрамында Павел Колмаков, Аяулым Әміренова, Олег Цинн, Александр Геберт пен Сергей Романов өнер көрсетуі тиіс еді.

Ережеге сәйкес, ауа райы жағдайы нашар болса, Әлем кубогы есебінде үздік 16 спортшы арасында жаңадан жеребе тартылады. Алайда күн райының қолайсыздығына байланысты ұйымдастырушылар жарысты мүлдем тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, кеше турнирдің алғашқы күні спортшылар могулдың жекелей сынында бақ сынаған болатын.

Еске салсақ, Қазақстанда фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңіне тұңғыш рет өтті.



null

Авторы: Еламан Тұрысбеков

Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Жоғары қарай