Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Тұмар-2019: Астанада үздік телевизия мамандары марапатталды

2019 жылдың 20 наурыз 2019 20:25 1505

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың «Қазмедиа» орталығына «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл «Тұмар» ұлттық байқауы 9 номинация бойынша үздіктерді анықтады.

«Үздік өңірлік тележоба» аталымында «Қазақстан - Qyzyljar» телеарнасының «WELCOME TO QYZYLJAR» жобасы жеңімпаз атанды. Бұл жоба Солтүстік Қазақстан өңірінің тарихи-мәдени орындарын таныстырады.

«Үздік әлеуметтік жоба» жүлдесі «Астана» телеарнасының «Біз біргеміз. Ана үйі» жобасына берілді. Жобада тағдырдың тәлкегіне ұшырап, жалғыз қалған жас аналардың шынайы оқиғалары жинақталған деректі фильмдер топтамасы ұсынылады.

«Үздік ойын-сауық жобасы» номинациясында «НТК» арнасында көрсетілген «Qara beri» реалити-шоуы үздік деп танылды. Qara beri» хип-хоп жобасында жас рэп орындаушылары «Қазақстанның үздік рэпері» атағы үшін таласқа түседі. Жеңімпаз Қазақстандағы ірі орталықпен келісімшарт бекітеді.

«Үздік телевизиялық сериал» аталымында «Кейкі мерген», «Бессонница», «Красный уровень» және «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалдары үзддік төртікке енді. Нәтижесінде КТК телеарнасының «Красный уровень» телесериалы марапатталды.

Сонымен бірге, Сирияға кеткен қазақстандықтарды қайтару туралы «Жусан» жобасы үшін Қазақстан телерадиокорпорациясына «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің арнайы сыйлығы берілді.

«Үздік деректі фильм» жүлдесі ҚР Президенті Телерадиокешені түсірген «Ұлы дала астанасы» жобасына берілді. 50 минуттық фильм Астананың 20 жылдық мерейтойына арнайы түсірілген.  



null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null  

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null



null



null  

null 

 

Автор: Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Мәдениет,
Жоғары қарай