Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түрік инвесторы «Qyzyljar» экономикалық аймағының алғашқы қатысушысы атанды

2019 жылдың 20 қараша 2019 02:00

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан құрылған «Qyzyljar» экономикалық аймағы арқылы өңірге келесі жылы шамамен 300 млрд астам теңге инвестиция тартылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінде инвесторларды тартуға арналған өңірлік кеңестің отырысы өтті. Кездесуде сәтті инвестициялық жобалар туралы айтылып, инвестициялық климатты жақсарту жолдары талқыланды.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір экономикасын жаңғырту үшін жаңадан құрылған арнайы экономикалық аймақ серпін бермек. «YDA Holding» түрік компаниясы осы аймақ аясында жұмыс істейді. Ол алғашқылардың бірі болып жобаға қатысып, облысқа инвестиция құйды. Шетелдік компания Петропавлда көпсалалы аурухананың құрылысын бастады.

«Біздің мақсат - қазіргі және болашақ инвесторларға мейлінше қолдау көрсетіп, көмек беру. Қазір экономикалық аймаққа кіру туралы немістің «Claas» компаниясымен және трансформатор зауытын салу бойынша «Alageum Electric» компанияларымен келісімге келдік», - деді Құмар Ақсақалов.

Өткен аптада Петропавлда тұрмыстық химия өндіретін фабрика іске қосылды. Жоба «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Киров атындағы зауытта тұрмыстық техникаға қажетті көп қабатты плата өндірісі қолға алынды. Оның Қазақстан бойынша теңдесі жоқ.

Жалпы, 2020 жылы өңірге 307 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Негізінен көлік, логистика, туризм салаларына, баламалы энергия көздеріне басымдық беріледі.

Жоғары қарай