Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Түріктің тариxи киносына шақырса, түсуге дайынмын - Самал Еслямова

2019 жылдың 7 наурыз 2019 17:55

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канн фестивалінің жеңімпазы, әртіс Самал Еслямова Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуге қатысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуден кейін түрік арнасының журналисі әртістен тариxи киноға түсу жайында сұрады.

«Самал, сізді Қазақстанда ғана емес, Түркияда да жақсы біледі. Ол жақтан ұсыныс түссе, мәселен, тариxи киноға шақырса, барасыз ба?», - деп сұрады тілші.

«Әрине, келісемін. Мен - актрисамын. Сондықтан барлық рөлдерді қарастыруға дайынмын. Тариxи фильмдер болсын, комедия, трагедия, кез келген фильмге түсуге әзірмін. Енді, «Айкадан» кейін көбісі мені трагедиялық әртіс деп санайды. Бірақ институтта оқығанда, артынан саxнаға шыққанда мен комедиялық рөлдерді де ойнадым», - деп жауап берді С.Еслямова.

Айта кетейік, бүгінгі кездесуде Канн фестивалінің жеңімпазы, әртіс Самал Еслямова алдағы жоспарлары туралы айтты. «Алдымен кішкене демалайын деп едім. Содан кейін 20 наурызға қарай Гонконгқа барамын. Ол жақта «Азияның үздік актрисасы» деген аталымға ұсынды. Көреміз, мүмкін жеңіс болады», - деді әртіс. Бұдан бөлек, С.Еслямова журналистердің «Жұлдыз болған қалай екен?» деген сұрағына жауап берді.

Жоғары қарай