Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Туризм саласында қаржылық кемшіліктер анықталды

2019 жылдың 28 наурыз 2019 23:09 838

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР есеп комитеті Қазақстанның туризм саласында 1,4 млрд теңгеден астам сомада қаржылық бұзушылық орын алғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта дамыту мақсатына республикалық бюджеттен бөлінген қаржы тиімді пайдаланылмаған. Мемлекеттік сатып алу саласында да бюджеттік заңнамалардың сақталмауына жол берілген. Атап айтқанда, республикалық бюджет қаражатын толық игере отырып, Туризм индустриясы комитеті ішкі және сыртқы туризмге (резиденттер мен резидент еместерге) тұрғылықты жердегі қызмет көрсетілетін кірушілердің көбеюі және елден тыс халықаралық туристік көрмелерді өткізу тұрғысынан бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізе алмаған», - деді Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан бюджеттік қаражаттарды және туристік қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік активтерді тиімді пайдаланудың мемлекеттік аудитін қорытындылайтын кездесуде.

«Сонымен бірге, мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,460,1 млрд теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1 409,2 млрд теңге немесе 96,5% есепке алу тәртібіне байланысты. Бұдан басқа 678,4 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды, тиімсіз пайдалану - 1 564,1 млн теңге және 43 процедуралық бұзушылық табылған», - деді Т.Жақан. 

 

Автор: Камила Әмірова

Басты сөздер: Туризм, Қаржы, Заң,
Жоғары қарай