Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер саны артуы ықтимал

2019 жылдың 14 қазан 2019 16:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркі тілдес мемлекеттік ынтымақтастығы кеңесінің VII саммиті қарсаңында Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті.

Шара барысында сөз сөйлеген Қырғызстан Сыртқы істер министрі Шыңғы Айдарбеков аталған ұйымның кеңейетіндігіне үміт артатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сөз басында Ш.Айдарбеков Қырғызстан төрағалық еткен кезеңде Өзбекстанның Түркі кеңесіне қосылу туралы шешім қабылдағанына ризашылық танытып, өзбек әріптесі А.Камиловты құттықтады. Сонымен қатар ол ұйымның мұнан ары да кеңеюге мүдделік танытатындығын атап өтіп, Түрікменстанның да Өзбекстаннан үлгі алатындығына үміт артатындығын білдірді.

«Өзбекстанның Сыртқы істері Камилов мырзаға ұйымымыздың толыққанды мүшесі ретінде қош келдіңіз демекпін. Бұл қырғыз тарапының төрағалығы кезінде қабылданған өте маңызды шешім болды», - деді Ш.Айдарбков.

Қазіргі уақытта 2019 жылдың 15 қазанында Бакуде өтетін Түркі кеңесінің 7-ші саммитінде дайындық жүріп жатыр.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Қазіргі таңда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түркі кеңесінің мүше мемлекеттері болып табылады. 2018 жылы Түркі кеңесінің 6-шы Саммиті барысында Мажарстан Түркі кеңесі жанында бақылаушы мәртебеге ие болды. 2019 жылы Өзбекстан Түркі кеңесіне қосылу туралы шешім қабылдады. Ұйым аясындағы түрлі шараларға, оның ішінде Түркі кеңесінің саммитіне Түркістан да қатысып тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдан бері Түркі тілдес мемлекеттік ынтымақтастығы кеңесіне Қырғызстан төрағалық етеді.

Жоғары қарай