Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Түркістан 2-3 жылда Қазақстанның мақтанышына айналарына сенімдімін – Шөкеев

2019 жылдың 23 қазан 2019 18:33

НҰР-СҰЛТАН-ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің жоғары туристік әлеуетіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы киелі қаланың ерекшелігімен қатар, шетелдік қонақтарды қалай қызықтырып жатқандары туралы айтып берді.

«Түркістан облысын құру туралы Елбасының тарихи шешімі өңірдің дамуына тың серпін берді. Түркістан қаласының өзі – ұлы құндылық. Қаладағы Қ.А.Ясауи кесенесінің тарихи, архитектуралық әрі ғылыми тұрғыда мәні өте зор. Түркістанға көршілес елдермен бірге америкалықтар да, еуропалықтар да қызығушылықпен қарайды. Былтыр Түркістан облысы құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы бекітілгенін білесіздер. Елбасының бұл шешімі өте дұрыс болғанын сарапшылар да, біз де көріп отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы жуырда өз сұхбатында Түркістанды дамыту туралы ой бұрыннан бері көкейде жүргенін айтқан еді», - деді Ө.Шөкеев.







Обыс әкімінің айтуынша, Түркістан облысын құру әбден зерттелген стратегиялық маңызы бар шешім деуге болады.

«Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар. Мемлекет басшылығының, өңірлердің, ірі компаниялардың тікелей қолдауының арқасында Түркістан қазірдің өзінде түрленіп жатыр. Алдағы 2-3 жыл көлемінде Түркістан қаласы Қазақстанның мақтанышына әрі жауһарына айналарына сенімдімін», – деді ол.

Сондай-ақ, аймақ басшысы бүгінде Түркістанға келуші саяхатшылар саны арта түскендігін айта келе. Киелі әрі туристік орындарға апаратын жолдарды жөндеу мен инфрақұрылымды жақсарту мәселесі де назарда екенін тілге тиек етті.



















Жоғары қарай