Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Түркістан қаласында қонақүй аумағында жарылыс болды

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 19:36

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында қонақүй аумағында автокөлік өртеніп, оның соңынан жарылыс болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 қыркүйек күні кешкі сағат 7-де Саттарханов көшесінде орналасқан «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйінің аумағында «ЗИЛ» автокөлігі жанып, соңынан газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан жалын қонақүйдің шатырына тарады. Болжаммен шатырдың 1400 шаршы метр аумағы өртенді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Н.Нұрахметов.

Мәлім болғандай, «ЗИЛ» автокөлігі газ баллондарын тасымалдаумен айналысады.

Тілсіз жауды ауыздықтаумен Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 70 адамы мен 14 техникасы айналысуда.

«Полиция қызметкерлері қонақүй аумағын қоршауға алды», - деді ресми өкіл.







Жоғары қарай