Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Түркістан облыстық сотының төрағасы азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады

2019 жылдың 22 қазан 2019 20:52

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық соттың төрағасы Талғат Баратбеков тұрғындарды қабылдады. Өңірдің әрбір аймағынан келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген мәселелерін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қабылдаудың жүріп жатқандығын тікелей эфирдегі әлеуметтік желі арқылы хабардар болып, арнайы келгендерде болды. Сот төрағасынан көмек сұрап келгендердің бірі Камшат Абсаттарова қауын сатқаны үшін кінәлі болып, ішкі істер саласының қызметкерлерімен соттасып жүргендігіне шағымданды. Ал, Таир Абдуалиев пен Акрамжан Абдуали жүкті әйелін ұрып кеткен азаматтарға құзырлы органдар ешқандай шара қолданбай отырғандығын сөз етті. Сол сияқты Ануарбек Исабеков деген азамат кәсібіне келтілірген шығындарға өтемақы ала алмай жүргендігіне арызданса, түркістандық Ғалымжан Жолдасбеков жұмыстан босату жөніндегі сот шешімімен келіспейтінін айтты. Кентау қаласының тұрғыны Роза Қиқымбаева сотқа өтіп кеткен несиесі бойынша сұрақ қойды.




Өз кезегінде Талғат Баратбеков тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерді мұқият тыңдады. Әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңесін айтты. Кей мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтындығын сөз етіп, арнайы жазып алды. Сот саласына қатысты жоқ жағдайларды құзырлы орган басшылары арқылы байланыс орнатып, талқылайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға келушілерге сот шешімдерінің орындалуы, сот сараптаманың жасалуы, сот шешімімен келіспеген жағдайда оған шағымдану тәртібі бойынша кеңестер берілді.

Жалпы қоғамдық қабылдауға 12 адам келді. Олардың барлығының шағымдары «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауына алынды. Аз ғана уақытта билік пен бұқараны тоғыстыратын алаңға айналып үлгерген «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта да жалғасын табады.










Жоғары қарай