Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Түркістан облысы неге құрылды - Елбасы түсіндірді

2019 жылдың 11 қазан 2019 22:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын не үшін құрғандығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының құрылуына қатысты сауалға жауап берді.

«Ол көптен ойда жүрген мәселе еді. Тіпті осы елорданы таңдаған кезде де мен соны ойлағанмын. Кішігірім қала, ол жерге елорданы апара алмайтын болдық. Себебі бұл біздің рухани ордамыз. тіпті, Түркі әлемінің рухани орталығы. Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары мен ой-пікірі де сол жерде туған. Сондықтан осындай баяғыдан белгілі, тарихта жазылып келе жатқан, 1500 жылдық тарихы бар оңтүстіктегі қаланы жандандыруымыз қажет. Құдайға шүкір, халық жеткілікті. Көптен бері қалай жасаймыз деп ойлап келе жатыр едім. Астананы салғаннан кейін онша қаражат та болған жоқ. Шымкент миллион халқы бар қала болғаннан кейін оны орталыққа тікелей бағынатын Алматы, Астана сияқты қала жасамақ болдық. Сондықтан Түркістанды облыс орталығы деп жарияладым», - деді Елбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президенті мұндай бастамасын өзге де түркі мемлекеттері қолдағандығын атап өтті.

«Мен дұрыс шешім деп ойлаймын. Керемет қаланың орталығы салынып жатыр. Неше түрлі музейлер, Қожа Ахмет Ясауидің, Қазақ тарихының, Түркі тарихының музейі салынуда. Үлкен ғимараттар, қонақ үйлер, медиа орталықтар, мектептер, ауруханалар, саябақтар, барлығы салынып жатыр», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы Түркістанға бүгінге дейін жүздеген мың турист келетін болса, алдағы уақытта оның саны артатындығын жеткізді.

фото:http://aigak.kz
Жоғары қарай