Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Түркістан облысында 11 алаяқтық қылмысқа қатысы бар әйел ұсталды

2019 жылдың 2 мамыр 2019 22:03

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 11 алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен әйел адам ұсталды. Сезікті арызданушылардың сеніміне кіріп, оларды түрлі жолмен алдап кетіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіні ұстауға жергілікті тұрғындардың арызы себеп болған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады. Ол бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғын болып шықты. Сезікті жергілікті тұрғындарға мемлекеттік бағдарламамен жәрдемақы алып беремін, не болмаса мүгедектікке, зейнеткерлікке шығарып беремін деп ақшасын алып отырған. Мәселен, Сарыағаш қаласының тұрғынына қайтарымсыз жәрдемақы тағайындатып беремін деп 550 мың теңгесін алған. Тағы бір жайтта «Жоғары сомадағы зейнеткерлікке шығарып беремін» деп, 530 мың теңгеге алдап кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 3 миллион теңгеден астам» делінген хабарламада.

Қазір күдікті әйелдің қылмыстық іс-әрекеттеріне орай ҚР ҚК-нің 190-ші «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданған.

Жоғары қарай