Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Түркістан облысында 110 балаға қамқорлық жасады

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 12:25

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен ауыл-аудандарында «Қамқорлық» бағдарламасы іске аса бастағаны белгілі. Өңірде бастау алған қайырымдылық іс-шарасына сайрамдық тұрғындар да белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайрам ауданының орталығындағы орта мектепте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, онда мұқтаж отбасынан шыққан 110 балаға көмек көрсетілді.




Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтің қатысуымен өткен шарада 52 отбасының балаларына қажетті киім-кешек табысталды. Аталған акцияға Шымкент қалалық мəслихатының депутаты Хусанхан Ахматхановтың ұйытқы болуымен, Кувейт қаласының Дүниежүзілік ислам қайырымдылық қорының басшылары Әлван Ясер Мохамед Әли мен Бадр Саиуд Әл-Сумайт мырзалар демеушілік жасаған.




«Қайырымдылық – игіліктің бастауы, жақсылықтың нышаны. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың алаңсыз білім алуына, сонымен қатар болашағы жарқын болуына септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл игі бастама ауданымызда әрі қарай жалғасын табатынына сенімімiз мол», - деді Мадияр Оразәлиев.











Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Қоғам, Түркістан облысы,
Жоғары қарай