Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Түркістан облысында 42 мыңға тарта әйел кәсіпкерлікпен айналысады

2019 жылдың 13 наурыз 2019 23:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қазіргі таңда 134 мың кәсіпкер болса, оның 42 мыңға жуығы - әйелдер. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесінің жиынында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйел және бизнес» тақырыбында өткен басқосуға облыстағы аудан және қалалардан жиналған жүзге жуық кәсіпкер әйел қатысты. Жиында облыстағы іскер әйелдердің қатары күн санап артып келе жатқаны айтылды. Өткен жылы өңірде «Бастау» жобасы арқылы 1730 адам оқыса, олардың 600-ге жуығын нәзік жандылар құраған.

Түркістан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенованың сөзінше, аймақта кәсібін жандандырғысы келген қыз-келіншектерге қайтарымсыз гранттар мен қомақты қаражаттар берілуде. Жаңадан сайланған төрайым сондай-ақ, жиында кәсіпкер әйелдердің старт-ап жобаларын таныстырып, шеберлік сабағын өткізді.

Ол облыста тұратын қыз-келіншектерді кәсіпкерлікпен айналысудың жолдарын үйретіп, қыр-сырын сөз етті. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер жасалып жатқанын, ондай қолдауларға қол жеткізу үшін қандай әрекет керектігін айтып өтті.

Жоғары қарай