Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Түркістан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 22 қаңтар күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкент қаласында 23 қаңтарда тұман болуы ықтимал. Түркістан қаласында да 23 қаңтарда тұман түседі деген болжам бар.

Ауа райының бұзылуына байланысты болжамның дәлдігі 90-95%.


Жоғары қарай