Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Түркістан облысында екі мектептің директоры пара алды деген күдікке ілінді

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 12:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қорғаныс істері және білім беру саласындағы бірқатар шенеуніктер пара алды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық қорғаныс істері департаментінің Отырар ауданы бойынша тобының бастығы әшкереленді. Күдікті ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету мерзімін кешіктіру үшін 80 мың теңге пара алған.

Жетісай ауданы №15 орта мектебінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін 200 мың теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке іліккен.

Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге пара алды деген күдікпен Мақтаарал ауданы №34 мектебінің директорына қатысты тергеу басталды.

Жоғарыдағы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.




Жоғары қарай