Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Түркістан облысында экологиялық заңнаманы бұзғандарға 13 млн теңге айыппұл салынды

2020 жылдың 20 ақпан 2020 20:08

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында экологиялық ахуал қатаң қадағаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мақсатында өткен жылы Түркістан облысында жалпы 147 тексеру жүргізілді. Оның ішінде жоспардан тыс – 109 тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалауды жүргізу тізіміне сәйкес – 37 тексеру жүргізілді.

Жалпы Түркістан облысы бойынша экологиялық ахуал жіті қадағаланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев мәлімдеді.

Тексеру нәтижесінде 478 экологиялық заңбұзушылық анықталып, оларды жою үшін 397 нұсқама берілген. Сондай-ақ, 255 жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға 13 554 194 теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 185-і өз еркімен 10 372 695 теңге төлем жасаған.

«Департаментке облыс аумағындағы жеке және заңды тұлғалардан 99 арыз-шағым түскен, оның 97-сі қаралып, арыз иелеріне толық жауап берілді. Ал қалған екеуі қаралып жатыр. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша экология департаменті «КентауСервис» МКК және Түркістан қаласында орналасқан «Жылу» МКК-мен жылыту қазандыққа жағатын қатты отынды (көмір) табиғи газға көшіру, сондай-ақ озық технологияларды енгізу бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың көлемін азайту мақсатында меморандум жасады», - деді Имангелді Қансейітұлы.

Бұдан өзге, облыс аумағында 192 келісімшарт негізінде 157 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс жүргізеді. Қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 122 табиғат пайдаланушыға 73 736 331 теңге нұсқама жолданып, оның 23%-ы өз еркімен мемлекеттік бюджетке төлем жасаған.


Жоғары қарай