Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Түркістан облысында қымбат автокөліктерді ұрлаған ағайындылар ұсталды

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 15:30

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында қымбат автокөліктерді ұрлап жүрген ағайындылар ұсталды. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері сезіктілерді Шымкентте қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыз айының басында Сарыағаш аудандық ПБ-на Ресей Федерациясының азаматы арызданған. Ол Жібек жолы ауылының автотұрағынан «Тойота Ланд Крузер 200» маркалы автокөлігін ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге 20 миллион теңгеден астам шығын (3,5 миллион Ресей рублі) келген. Аталған қылмысты ашу мақсатында Криминалдық полиция және тергеу бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылған. Қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қылмыс орны мен бейнебақылау камералары мұқият тексеріліп, куәгерлерден сұрақ-жауаптар алынған. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктілердің ізіне түсіп, олар Шымкент қаласында ұсталды. Қолға түскен екі ағайынды жігіт мегаполис тұрғындары екені белгілі болды. Сондай-ақ, көп ұзамай-ақ Қарағанды қаласынан ұрланған көліктерді сатып алған азамат та қамауға алынды.

«Аталған жайт Сарыағаш ПБ-да ҚР ҚК-нің 188-бабы »Ұрлық«бойынша тіркеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер Түркістан облысына жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың басқа да қымбат көліктер ұрлығына қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Ұсталған үш күдікті де қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.


Жоғары қарай