Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сияпат жасалды

2019 жылдың 12 қазан 2019 14:26

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды. Мүгедектер күні қарсаңында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аудандағы бірнеше елді мекенде аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсету және олардың проблемаларына назар аудару мақсатында өткен шара алдымен, аудан орталығы Жетісай қаласында кең көлемде ұйымдастырылды. Оған шаһар басшылығы, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов және БАҚ өкілдері қатысты.

Асықата кенті әкімдігінің ғимаратында өткен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты басқосуда мерекелік концерт ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан сый-сияпаттар жасалды. Аудан әкімінің атынан іс-шараға атсалысып, жомарттық танытқан азаматтарға алғыс хаттар тапсырылды.




Дәл осындай іс-шара «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған »Үміт« ұясы» күндіз болу орталығы« коммуналдық мекемесінің ғимаратында да өтті. Мұнда үйымдастырушылар тарапынан ем алып жатқан балаларға мерекелік бағдарлама ұсынылып, тарту-таралғылар жасалды.

«Ауданымызда мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» және «Балдәурен» күндізгі қатынау бөлімшелерінде 60 бала есепте тұрып, оңалту емдік шараларын алуда. 2018-2019 жылдар аралығында «Үміт ұясы» және «Балдәурен» күндізгі қатынау бөлімшелерінде 121 бала есепке алынып, денсаулықтарын сауықтыруда. Емдік шаралардың барлық түрлерімен қамтылып жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Жетісай ауданы бойынша жалпы 7813 мүгедек жандар бар болса, оның ішінде I-топ 527, II-топ - 2893, III-топ-3141 адам, 18-жасқа дейінгі 1252 мүгедек балалар бар»,- дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.













Жоғары қарай