Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес басталды

2019 жылдың 8 наурыз 2019 15:16 1300

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында шегірткелерге қарсы күрес шаралары басталды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұржан Құттыбекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аумақтық инспекция басшысының сөзінше, биыл өңірде зиянкестерге қарсы химиялық дәрілеу жұмыстары 83 мыңнан астам гектар жерге жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

«Облыстық аумақтық инспекция тарапынан марокко шегірткесіне қарсы өңдеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылау, аудандар бойынша химиялық өңдеу жүргізу мақсатында 15 топ құрылып, 33 инспектор және 17 автокөлік бөлінді. Сонымен қатар, 83 мыңнан астам гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 1189,8 мың гектар алқапта анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Түркістан облыстық филиалынан 90 штаттағы маман мен анықтаушы және 44 қызметтік автокөлік бөлінді. Аудан әкімдіктері тарапынан қосымша 185 қызметкер жұмылдырылып, 47 жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ 28 су тасушы техника мен пестицидтерді ерітуге қажетті 73 су көзі дайындалады», - деді Нұржан Кашкенов.


null 

Бүл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің аса қауіпті зиянкестермен күрес бағытындағы тапсырмаларын орындау үшін ұйымдастырылуда. Осы мақсатта үйлестіру жұмыстарын жүргізетін арнайы штаб құрылып, шегіртке тараған аудандарда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Айта кетейік, аталған міндеттерді талапқа сай орындау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспары жасалып, нақты істер қолға алынған. Осыған байланысты биыл облыс диқандары шегірткеден зардап шекпейді деген сенім бар.



null 

null 

 

Жоғары қарай