Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Түркістан облысында ветеринариялық ахуал тұрақты - әкімдік

2019 жылдың 5 қазан 2019 08:40

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді. Бүгінгі таңда өңірдегі ветеринариялық ахуал қатаң бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша көктем, күз айларында 2 млн 518,6 мың бас ірі мал бүркілсе, 8 млн 147,6 мың бас ұсақ мал тоғытылған. Сондай-ақ, үй іргелік қора жайлар мен жапсарлас аумақтары мен буферлік аумақтар залалсыздандырылып отыр.

«Аусыл ауруына қарсы вакцина 1 млн 384,4 мың бас ірі қара малға, 6 млн 86,4 мың бас ұсақ малға егіліп, 2002 жылдан бері аусыл ауруы тіркелмеген. Ал 1 млн 201,6 мың бас ірі қара малға, 5 млн 456,6 мың бас ұсақ малға, 302,9 мың бас жылқыға, 25,2 мың бас түйеге түйнеме ауруына қарсы екпе жасалды. Облыс аумағында 2003 жылдан бері жануарлар арасында түйнеме ауруы тіркелмеді», - деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Сонымен қатар, сарып ауруына қарсы жануарлар арасында диагностикалық зерттеулер жалпы 3 млн 377,7 мың бас малға жүргізілді. Нәтижесінде 389 бас ірі қара мал, 532 бас ұсақ мал арнайы орында сойылып, залалсыздандырылды. Мал иелеріне жалпы 100 млн 570,2 мың теңге өтемақы төленді.

Сарып ауруымен адамдар арасында аурушаңдық 37 адамға кемісе, адамдарды кене шағу 333 адамға азайған.

Облыста мал өлексесін тастайтын 257 орын бар. Сонымен қатар, 14 инсинератор пеші бар.

Бұдан өзге, құтыру ауруына қарсы 187,5 мың итке, 32,8 мың мысыққа вакцина егілген. Құтыру ауруының алдын алу мақсатында бүгінгі таңда 55 362 қаңғыбас ит-мысық ауланып, көзі жойылған.

Жоғары қарай