Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Түркістан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

2019 жылдың 14 қазан 2019 17:43

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық билік басшылары және жергілікті тұрғындар қатысты.

Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген болатын. Ал халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жаңа емдеу-профилактикалық мекемесі заманауи медициналық жабдықпен толық қамтылған. Соның арқасында жергілікті тұрғындар акушерлік және жұқпалы ауруларға арналған фильтр бөлмелерінде де ем қабылдай алады. Сондай-ақ тіс дәрігері қызмет көрсететін болады. Жаңа емдеу мекемесінде қырыққа жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Жалпы, Қызылжар ауылдық округінің халық саны жеті жарым мыңнан асады. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан ауыл тұрғындары, енді дертіне дауа іздеп алысқа табан тоздырмайтындарын айтып, алғыстарын білдірді.



















Жоғары қарай