Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 431.03
EUR 471.76
RUB 5.85
CNY 61.32

Түркістан облысында жаңа футбол командасы пайда болды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 22:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында Түркістан облысынан тағы бір команда ойын көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Темірлан» командасы 2020 жылдың қаңтар айында құрылған. Команда Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығы - Темірлан елді мекенінің атынан сынға түседі. Елді мекен Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан.

Команда өз ойындарын Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді. Стадион 1000 жанкүйер қабылдай алады.

«Темірлан» командасына бас бапкер қызметіне 64-жастағы маман Шайзидин Кенжебаев тағайындалды. Оған Фанас Салимов пен Рахматулла Жакудаев көмекшілік жасайды.

Команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкент қаласында өткізді. Енді 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында Өзбекстанда екінші оқу-жаттығу жиынына барады.

Команда жергілікті жастардан құралған.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Түркістан облысы,
Жоғары қарай