Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Түркістан облысында жауған қардың қалыңдығы 1 метрге дейін жетті

2019 жылдың 21 ақпан 2019 08:11 705

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қар қалып жауып, Төлеби ауданында ақ ұлпаның қалыңдығы бір метрге дейін жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің хабарлауынша, 20 ақпан күні ең төменгі температура Созақ ауданына қарасты Тасты елді мекенінде тіркелген. Мұнда термометр көрсеткіштері  -10-15 градус аязды көрсеткен. Ал, Төлеби ауданындағы Шуылдақ стансасында жауған қардың қалыңдығы бір метрге дейін жеткен. Аудан орталығы Леңгір қаласында қардың орташа қалыңдығы 15 см, таулы аймақтарында 20 см-ге түскен.

null 

«Түркістан облысындағы кей аудандарында күндіз ауа райы -5 градусқа дейін суытады.  Түнде аязды болып, термометр көрсеткіштері -2-7 градусқа дейін төмендейді. Жалпы ақпанның 22-25 аралығында ылғалды ауа райы күтілмейді. Келесі аптадан бастап +10 +15 градусқа дейін жылытады»,- дейді инженер-синоптик Әсем Нұрлыбаева.

 

 

Жоғары қарай