Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерлері уланып қалған бір отбасыны құтқарды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 03:14

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Төле би ауданында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Араларында 2 және 3 жасар бүлдіршіннің халі ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шақыртуға шұғыл түрде жеткен Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, газдан уланғандардың барлығын аман алып қалды.

Көмекке келген үш жедел жәрдем тобы жеті адамды Төле би аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Қазір отбасы мүшелерінің өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Олар дер кезінде медициналық жәрдем көрсеткен мамандарға алғыс білдірді. Жалпы, жыл басынан бері облыстық жедел жәрдем қызметінің орталығына 43 мыңға жуық шақырту түскен. Аралрында жүрегі тоқтап, өмірі қыл үстінде тұрған науқастар да болған. Олар жедел-жәрдем қызметінің алғашқы көмегінің арқасында аман қалды.

Қазіргі таңда өңірде 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем тобы қызмет атқаруда.

Жоғары қарай