Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Түркістан облысының Келес ауданында Орталық стадион жаңартылуда

2019 жылдың 22 қазан 2019 22:41

КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Келес ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 25 нысанды салу және күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сол нысандардың бірі - Орталық стадион биыл қайта жаңартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бүгін Орталық стадиондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінгі таңда №1 Балалар жасөспірімдер спорт мектебіне қарайтын спорт кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарын «Қуат Құрылыс» ЖШС қарқынды жүргізуде. Компания жұмысшылары көрермендер отыратын секторлардың төбесін жабу үшін құрылғылар орнатып, арнайы жарық шамдар қоюда. Сонымен қатар үлкен алаң жанынан үсті жабық, заманауи үлгідегі кіші футбол алаңының құрылысы қатар жүруде. Дене шынықтыру жаттығуларына арналған арнайы street workout құрылғыларын орнату жұмыстары да қарқын алған. Құрылысты аяқтау қазан айының соңына жоспарланған. Сала мамандарының сөзінше, спорт алаңына арнайы жарықшамдар қойылады. Сөйтіп түнгі уақытта да спортпен шұғылдануға мүмкіндік туады. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы тиісті мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі спортпен шұғылданатын азаматтарға ыңғайлы етіп жасауды тапсырды. Көрермендер отыратын орындықтардың артына жайғасқан суағарды дұрыстап жасау керектігін ескертті. Спорт алаңының көзге көрінетін тұсына жастарды спортқа баулитын көрнекі суреттерді салу керек екенін айтып, жарық шамдардың сапалысын орнатуды ескертті.













Жоғары қарай