Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Түркістан облысының Келес ауданында заманға сай Инсульт орталығы жұмыс істейді

2019 жылдың 10 наурыз 2019 22:51 1743

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Келес ауданында заманға сай Инсульт орталығы жұмыс істейді. Соның арқасында бас миының қан айналымы бұзылған, пациенттерді бірнеше км қашықтықтағы Шымкентке тасымалдаудың қажеті жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оtyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

Орталық 30 төсек орнына лайықталған, нейрореанимация да осы жерде орналасқан. Аудандық ауруханада компьютерлік томография аппараты орналастырылған. Аталған аппаратта жүргізілген зерттеу науқастың диагнозын дәл қоюға мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол науқастың дұрыс ем алуына жәрдемін тигізеді. 

«Орталық ашылғалы бері біздің ауданда адам өлімі азайды. Науқастардың инсульттан кейін денсаулығының нашарлау жағдайлары да төмендеді. Бөлімшеде миға микрооперация да жасалады, біз осы уақыт аралығында 40 адамға операция жасадық. Біздің орталықта білікті мамандар жұмыс істейді және олар біліктіліктерін ылғи да жетілдіріп отырады»,-дейді Келес аудандық орталық ауруханасының  бөлім меңгерушісі Нұрдәулет Ештаев.      

 

 

 

 

Жоғары қарай