Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Түркістан жастары «Өзін-өзі басқару» ұйымының алғашқы отырысын өткізді

2020 жылдың 21 ақпан 2020 00:41

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Жастар ресурстық орталығының» жанынан ашылған «Өзін-өзі басқару» ұйымының алғашқы отырысы өтті. Жиында орталық басшысының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай басқосудың маңызы мен мақсатын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзін-өзі басқару ұйымы жастарға өзін-өзі және ұжымды басқаруды үйрететін, азаматтық-құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін мектеп. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өмірдің маңызды сұрақтарына жауап іздейтін, ой өрісі кең, тұлғалық қалыптасуға мүмкіндік туғызатын орта. Басты мақсат – жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру», – деді А.Өміртай.





Басқосуда «Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшісі Әнелі Мейірбек жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Өзін-өзі басқару» ұйымының құрылымында басқарушы орган болады. Президенті білім беру ұйымдарының дауыс беру нәтижесімен сайланады. Ал, бағытына келсек, «Жасампаздық», «Бәсекеге қабілеттілік», «Ынтымақтастық», «Әділеттілік», «Қамқорлық» ұстанымдары бойынша жұмыс жасайды. Түркістан облысы бойынша бірыңғай үлгіде жоспары, төсбелгісі, логотипі, ұраны және әлеуметтік желілерде парақшалары болады»,- деді Әнелі Мейірбек.




Жиында сондай-ақ, жарыссөзге шыққан сала мамандары мен жастар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.






Жоғары қарай