Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Түркістанда 100 шақты көше жөнделіп жатыр - Өмірзақ Шөкеев

2019 жылдың 19 маусым 2019 06:13

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда 100 шақты көше жөнделіп, аяқжолдар мен шамдар және сол көше маңындағы үйлердің де шарбақтары жаңаратын болады. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев журналистермен кездесуінде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, Түркістанды тез арада көгалдандыруға аса мән беріліп отыр. Оған қала тұрғындары жұмыла атсалысуы қажет. Әкім баспасөз мәслихаты кезінде халық көкейіндегі қоғамдық көліктердің мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

«Расында қаладағы қоғамдық көліктер сын көтермейді. Шаһарда 270 шақты автобус бар. Оның жартысы өте ескі. Сондықтан жеке жоба ұсынғандарға талап қойып жатырмыз. Бұл салада бәсекелестікті көбейту керек. Биылдың өзінде жаңа 30 автобус алайын деп отырмыз», - дейді Өмірзақ Шөкеев.




nullӨңір басшысының сөзінше, қаланың орталығында орналасқан базарлар мен бей-берекет сауда орталықтары салынып кеткен. Соның бәрі енді ретке келтірілетін болады.

«Сауда орталықтарының немесе базарларда өрт шығатын болса немесе басқа да жайттар орын алатын болса көп адам зардап шегуі мүмкін. Бұл ретте базарды сырт жаққа шығаруды тиісті мамандарға ескертіп айтқанмын. Базар иелері де түсіністік танытып, көшіруге рұқсатын берді. Олар қала шетінен қолайлы жер қарастыруымызды сұрады. Енді біз жер бөлеміз. Орталықтан сырт бетке, жаңадан салынатын әуежай жолына қарай көшіріледі»,- деді облыс әкімі.

Жоғары қарай