Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Түркістанда 29 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр - Өмірзақ Шөкеев

2019 жылдың 18 маусым 2019 15:32

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында бүгінде 29 нысанды салу жұмыстары қарқынды жүруде. Оның ішінде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта 17 нысанның құрылысы басталған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев БАҚ өкілдеріне айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы жаңадан салынып жатқан нысандардың 7-еуі биыл пайдалануға берілетінін жеткізді.

Олардың қатарында облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыка мектебі, халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Бұдан бөлек, басқармалар (BI Group), департаменттер ғимараты (BI Group), Конгресс орталығы (Самұрық-Қазына), Нұр-Сұлтан алаңы(Астана қаласы), оқушылар сарайы(Самұрық-Қазына), стадионның (Самұрық-Қазына) құрылыс жұмыстары жүруде.



null
Сондай-ақ, рухани-мәдени орталықта 11 нысан салынуда. Атап айтқанда, амфитеатр (Маңғыстау облысы), музыкалық су бұрқақ (Шығыс Қазақстан облысы), шығыс моншасы (Қызылорда облысы), қабылдау орталығы (Жамбыл облысы), Қ.А.Ясауи мұражайы (Самұрық Қазына), әмбебап кітапхана (Шымкент қаласы), неке сарайы (Қостанай облысы), «Ұлы дала елі» орталығы (BI Group, Атырау облысы), сауда орталығы (Mabetex group), драма театры (Ақтөбе және Түркістан облысы) және Тұңғыш Президент саябағы.




null


null

Жоғары қарай