Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Түркістанда амфитеатр пайдалануға беріледі

2019 жылдың 23 мамыр 2019 21:26 663

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан тұрғындарының игілігіне біршама уақыттан соң амфитеатр ғимараты қызмет көрсететін болады. Биылғы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз - 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысқа жауапты «АА-Стройинжиниринг» ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Абдурахманов  жұмыс өз қарқынымен жүргізіліп жатқанын айтып, алдағы уақытта нысан келісілген мерзімде аяқталатынын жеткізді. 

Елбасы - Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып,  сыйға тартатын болған. Соның бірі - амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы.  


null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null 

 

Басты сөздер: Құрылыс, Түркістан облысы,
Жоғары қарай